file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  152


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

...НЕ ДЕГЕН ТОЙЫМСЫЗ ЕК?!

«Цунамидың толқынын» сезінбедің,
Мойындамай болғанын өзіңде мін.
Сәулең өшкен, санаңда қараңғылық,
Жанып тұрған болса да көзіңде күн.
Жаратқанның қаһары азғындарға,
Цунами боп толқыды саз-құмдарда.
Ібіліске ілескен құлдарына,
Өз көрлерін ұқсады қаздырғанға…
Ардан безді,
Аллаһтың жолын аттап,
Америка құрлығы соры қатты-ақ.
Арашаға жарамай алтындары,
Топан судың басты кеп зоры қаптап.
«Катерина дауылы» қойған аты,
Байыбына бармайды ой қанаты.
Жүздеген жыл жасаған қалалары,
Жүз минутта жоғалды айналасы.
Ей, адамзат, барлашы, ойың қандай?
«Табиғат» деп даурығып сойылдамай.
Жатырсыңдар арандап аласұрып,
Бар екенін Аллаһтың мойындамай…
Ескертуі Раббының пендесіне,
Шындық соты көрсеткен сенбесіне.
Қайта айналып үңілсең қандай жақсы,
Жүрегіңнің кір қонған пердесіне.
Мен де тілеп тұрғам жоқ жойылсын деп,
Білем оны, тереңде ойым шүңет.
Адам ата, Хауа ана ұрпағымыз,
Нәпсі жеңген не деген тойымсыз ек!
Алуаны бар ойласаң қаза жайлы,
Бәрі сынақ келетін наза, қайғы.
Қайсы құлы өзінен алыстаса,
Екі дүниенің бірінде жазалайды.
Толқын менен дауылдар Алла әмірі,
Жер бетінің ескерту әр қабірі.
Сілкіністер, құйындар, от қамшылар,
Сіркіреген аспанның ақ жаңбыры…
Жаратылған түп-түгел жүйесімен,
Бәрі-бәрі ғаламның Иесінен.
Шындық осы сыр аштым инсандарға,
Бұлғанбаңдар шайтанның күйесімен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу