Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  138


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Өткен күн өлім десе сескенер ем...

Өткен күн өлім десе сескенер ем,
Сияқты жанып болып өшкен емен.
Денемді үрей билеп алатұғын,
Артымда не қалды деп кестелеген...
Тіршілік сезілуші ед тиылғандай,
Қорқыныш ажал деген қиылғандай.
Сөйтсем ол – надандықтың белгісі екен,
Абдырап жүргендігім иім қанбай...
Болмайды Алла алдында көнбейтінің,
Пердесі екі дүниенің – көр дейтінің.
Ал өзім кетем ғаршы мекеніме,
Ол – рух.
Сондықтан ғой көрмейтінің.
Әуелгі тән – топырақ тегімізді,
Табамыз, байлатып ап иегімізді.
Адамдар алданады осы екен деп,
Пәк жанға ұя болған сүйегімізді.
Пенденің осы емес пе ғарыптығы,
Тоқтаймыз Алла алдына барып түбі.
Жинаған иманыммен өлшенеді,
Жанымның семіз бе, әлде арықтығы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу