file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  130


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Тамшыдан тасыған су құралады...

Тамшыдан тасыған су құралады,
Арымның аз емес-ау, күнә-дағы.
Жалғаннан жаман зардап үйір еткен,
Жанымның жазығы мен қыр алабы.
Білмейді ғаламменен ғайыпты жұрт,
Абайсыз азап шегер айыпты іліп,
Алдыңнан кедергі өзен кездескенде
Өтесің тәуекелді қайық қылып.
Ал оның арғы жағы жұмбақ саған,
Сағымды сары дала күн қақтаған.
Ақырғы адамдығың анықталар,
Аттасаң арман болған нұр қақпадан.
Жүк болар мың атанға айыптарым,
Кеш Аллаһ, бағдарымды байыптадым.
Құтылып қыңыр-қисық соқпақтардан,
Пәк жолға енді өзімді лайықтадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу