Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
128

Ұйқылының парқы не ояуменен..
Ұйқылының парқы не ояуменен,
Өлі тәнге оны мен таяу дер ем.
Көзі ашықты ақ нұрлар аймаласа,
Ұйқы қоңыр қоршалар бояуменен.
Уақыт солай бәрін де көшіретін,
Басын қойса,
Қара жер төсіне түн.
Өлімменен өмірді алмастырып,
Тізіп келе жатыр ғой өшіретін.
Білер мынау ғаршының кім мөлшерін?
Тән – топырақ.
Қосады түн мен сені.
Жан дегенің – рухың – ұйықтамайды,
Өйткені ол – Аллаһтың бір бөлшегі.
Жосып кетіп жатады жосып келіп,
Бірін-бірі айыптап осып, періп.
Жан Жаратқан Иеге жол тартады,
Қара жерге денеңді қосып беріп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇