file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  145


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

АСПАН АСТЫ

Ойларым мақсат еткен тірліктегі,
Қаншама қамшы бастым, бір бітпеді.
Ғұмырдың қырық жылын қыр асырдым,
Сонда да жұрттан асып, білдік нені?!
Айдадым өгіз шана, ат арбаны,
Ұстадым қаламды да қатардағы.
Қай белден шығарады қиын соқпақ,
Өмірдің қалтылдатып қатал заңы!
Күн кештім ағайынның бірлігі деп,
Әз жаным байыз таппай жүрді жүдеп.
Аллаһқа ризамын, бергеніне,
Кеудеме жарқыратып нұрлы жүрек!
Өзгені өзімсінер жылы өңім бар,
Баршаға жайып салар жүрегім бар.
Баптаған көп жыл бойы, көзден таса
Өсіргем өздеріңе,
Жыр-егінді ор!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу