Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
155

Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?
Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?
Жатам ба жол ортада үздігіп мен?
Жоқ әлде табысымды табамын ба?
Жаныма қуат жиып ізгіліктен.
Қандай күн бізді өзіне шақырады?
Шуақ па?
Сұр тұман ба атырабы?
Тамырым тіршіліктің нәрін жинап,
Жанымның жайқалар ма жапырағы?!
Жол тартып жер шарының доғасымен,
Су кешіп, кедір-бүдір дөң асып ем.
Иманды жетекші етіп жүру – менен
Болары тек Аллаһтың жобасымен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter