file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  134


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ЖҰБАНУ

Ертең деген – беймәлім бір сырлы күн,
Алла алдында, айта алмаймын күн бұрын.
Үміт, күдік арбауында алданып,
Міне, енді, қырыққа да сырғыдым...
Қырық деген – таяқ тастам қыр асты,
Өсуменен, өшуменен... ұласты.
Кеңірдектің керегінен аса алмай,
Жанталастым, жаза алмай бір құлашты.
Қайсын айтып, шағынамын шарқ ұрып,
Күңгірттендім тереземе шаң тұрып.
Өткен өмір, өзегімді езіп сен,
Кетпесең ед орта жолда қалдырып.
Тудым, өстім, өмір сүрдім, бәрі шын,
Өлудің де өткіземін барысын.
Бақи жақта өлшенбейді байлығым,
Сынға түсем имандылық – тақ үшін.
Туралықтың туы тұрды кейпімде,
Аллаһ тұрды жүрегімнің сейфінде.
Атақ қумай, шатақ қумай өттім мен,
Сөзім қалсын «Иман қуған» дейтіндей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу