file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  130


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ЕМДЕҢІЗ

Өмір – ғажап, өмір – сырлы, өмір – таң,
Тұншығасың қиялыңмен шомылсаң.
Уақыт – қиқар, әміріңе көнбейді,
Ми – мазасыз, жүрек – кірбең,
көңіл – шаң.
Біз мезеттік,
Уақыт шексіз, мәңгілік.
Шаужайлайды шабуылдап сан күдік.
Бақи дүние елемейді ертеңін,
Инсан деген – қарынға құл, әңгүдік.
Мен де, сен де періште емес, пендеміз,
Анамыздың шикі сүтін емгеміз.
Жүрегіңде ақау болса аздырғыш,
«Лә иллаһа Иллаллаһпен» емдеңіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу