Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  100


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ҚАЙДА

Батырың қайда, дұшпаның келіп бағынған?
Тұлпарың қайда,
шаң жұқпас жүйрік сағымнан?
Қайсарлық қайда,
өркештеп жатқан қаныңнан,
Қарқара тұлға қарттарың қайда, табынған?
Аруың қайда, айшылық жолдан аңсаған?
Шақтарың қайда,
кең өріс тапқан тар санаң?
Жетімдік түссе көрсетпей кеткен әлсізге,
Күндерің қайда,
жамандық біткен жамсаған?
Мұралың қайда, ұраның қайда, арлы жол?
Ортаға шығар береке десе қарғып ел.
Бәрі де бізде, бәрі де бізде...
Бірақ та
Пенделік деген түрмелеп отыр қандықол...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу