Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  103


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Соғыстың Ардагерімен бір үйде бірге тұрамыз.

(Аманғали Досановқа арнаймын)
Бұл кісінің әр сөзі, таусылмас бізге жыр-аңыз,
Кеудесі-толы қазына, бабадан қалған мұрамыз.
Кеше елге қатер төнгенде туған жерін қорғаған,
Соғыстың Ардагерімен бір үйде бірге тұрамыз.
Өмір жолын бұл-Әбең, қиындықпен бастаған,
Өкпе айтпас жетім күндерге, байып кетсе таспаған.
Ащы, отты тілі үшін сонау балғын кезінде-ақ,
Немістен бұрын түркпені бауыздап оны таспаған.
Қарапайым осы адам, кісі десең ол қандай?!
Әр лебізі айтатын, шекер қосқан талқандай.
Әр қимылы, ісінен өнегесі тұр қол бұлғап,
Үлгі алсын деп ұлы Алла бізге бере салғандай...
Ол кісімен әр кеште түрлі әңгіме айтамыз,
Керек пе майдан төріне бірге барып қайтамыз.
Кім болсаң да онда сен сыбағаңды шын аласың,
Сталинді жамандап сөз айта көрме, байқаңыз.
Бір көргеннен байқайды, өте сергек қарт әлі,
Жағымсыз іс істесең, жағыңнан кеп тартады.
Келтіресің шын ашуын, қажет енді ол арадан қашуың,
Бұл кісінің көзінше ойнай көрме картаны.
Бұл сөзіме сенбессің, өз көзіңмен көрмесең,
Кейбір әдепсіздердің қылығына ерме сен.
Жағдайың ол шақта, шын төмендер, о, жастар,
Автобустың ішінде қарттарға орын бермесең!
Өлсе ол өліп кетеді, жауына бас имейді,
Егескендер онымен немістердей күйрейді.
Осы қарттар әлі де, бізді алға сүйрейді,
Өтірік сөз айтқанды құлқыны оның сүймейді.
Адалдығы бұл жанның мөлдір судай тұнып тұр,
Емеуріннен айттырмай барлығын ол ұғып тұр.
Темір кубал қолымен ақырындау соқса да,
Он немісті әлі қарт жығатындай ұрып бір.
Күлтөбенің басында күн сайын кеңес құрамыз,
Ашылмай жатқан тереңде бұл кісі «алтын ұрамыз»
Тоғыстың тағдырым қалай, бақытты жансыз біздер де,
Соғыстың Ардагерімен бір үйде бірге тұрамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу