Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  122


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Журналистер-жаңалыққа жаршылар

Мұндай ауыр жұмысқа тек нар шыдар,
Маңдайынан адал тері тамшылар.
Жалған істер жек көрері өмірде,
Журналистер-жаңалыққа жаршылар!
Сөз-тұлпарын қылқаламмен қамшылар,
Бұл өлкеде талай маңғаз бар шығар.
Алуан істер қолын бұлғар жер-жерден,
Журналистер-жайсаң жанды жаршылар!
Орақ тілмен, от жүрекпен тау жығар,
Көздерінде, сөздерінде ар тұнар.
Өздерінде күндіз-түні жоқ тыным,
Журналистер – жанған жалын жаршылар!
Жүресіңдер бомбы аузында жан шығар,
Өз отына жанып кетті сан шынар.
Қыруар істер қиялында қарбалас,
Журналистер-жақсылыққа жаршылар!
Сендер барда жауызға жол тар шығар,
Көңілдерің мөлдір моншақ таң шығы әр.
Тұнған істер күтіп тұрған алдынан,
Журналистер – жомарт жүрек жаршылар!
Көл-шабыты емес сірә, тартылар,
Көш бастаған аға, іні арты бар,
Тұрған іскер азаматтар шетінен,
Журналистер-жауынгер жан жаршылар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу