Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  172


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Жалау Мыңбайұлы ескерткіші туралы жыр.

Жібердік талай -талай есені біз,
Бар екен сөз айтар өз шешеніміз.
Жалау Мыңбай , мінекей бірі соның,
Өз орнын бүгін тапты көсеміміз.
Жалауым- айға атылар арыстаным,
Алауым-еленбеген арыстарым.
Ел бағына туылған азаматым,
Өз тағына отырды данышпаным.
Жалауым-біздің бастау бұлағымыз,
Қалауың – жас жеткіншек ұланымыз.
Келді кез егемендік есік ашты,
Қонды өз тұғырына қыранымыз.
Келтірді әсем тұлғаң Шаһар сәнін.
Деп тұрсың әлі сапта, қатардамын.
Мақтаудың қажеті жоқ, мақтаң халқым!
Ақтаудың төрінде тұр, қаһарманым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу