file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  154


Автор: Жасұлан СЕРІК

Ертең жоқпын, дүние, бүгін бармын...

Ертең жоқпын, дүние, бүгін бармын,
Биік болсын өмірде тұғырларың.
Әй, достым, құтты болсын бүгінгі күн,
Бүгінгі күн – мейрамы сұлулардың.
Жүректің түрмесіне қамалар мұң,
Қарыштап өсе түспек бағамы әр күн.
Әй, достым, құтты болсын бүгінгі күн,
Бүгінгі күн – мейрамы аналардың.
Аруларға айтыңдар тең келер кім?
Тең келер кім, мен кімді тең көрермін.
Әй, достым, құтты болсын бүгінгі күн,
Бүгінгі күн – мейрамы жеңгелердің.
Алла сенің әрқашан бағыңды ашсын,
Баян мен Жібектердің жолын басқын.
Әй, достым, құтты болсын бүгінгі күн,
Мейрамы сіңілі мен қарындастың.
Демеймін ар мен намыс туын жыққын,
Әр күніңнен әй, көктем, жылу күттім.
Достарым, құтты болсын бүгінгі күн,
Бүгінгі күн – мейрамы сұлулықтың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу