file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  132


Автор: Жасұлан СЕРІК

Мен саған жете алмай қамықтым...

Мен саған жете алмай қамықтым,
Сен оны сездің бе, шаттығым?
Өзіңсіз күндерден жалықтым,
Төзім де сарқылды, жоқ бүгін.
Шаршадым сағыныш дегеннен,
Түкірем тірлікке тағы да.
Қиялдап сен жайлы өлеңде,
Жеткендей боламын жаныңа.
Мен сені сүйемін – шындығым,
Сенде де, жаным-ау, солай ма?
Біз бірге боламыз бір күні,
Үмітті үзбеші, жарай ма?
Ерініңнен сүйейін ендеше,
Антындай мәңгілік сезімнің.
Сен жайлы түс көрдім мен кеше,
Содан соң бақытты сезіндім.
Мен сені ешкімге бермеймін,
Өзіме жаралған сыңарым.
Сен кетпе, сен үшін өлмеймін,
Сөнгенше бес күндік мына күн.
Жүректе сен барсың, жоқ ешкім,
Сен ғана иесі бақыттың.
Өзгені сүйген де емеспін,
Тізбегін қарасам уақыттың.
Сен менің қуаныш-қайғым да,
Бақытым, байлығым, барымсың.
Жүретін сыңар боп айдында,
Мәңгілік серігім – жарымсың.
Соңында арманға жетерміз,
Ақ жолын адаспай табайық.
Қолыңды бер, еркем, екеуміз,
Мәңгілік бақытқа барайық!
Жүр кеттік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу