file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  240


Автор: Жасұлан СЕРІК

Арамыз алыстап барады...

Арамыз алыстап барады,
Кінәлі шақырым, қашықтық.
Таусылып сезімнің амалы,
Белгісіз күндерге асықтық.
Мен сені сүйген ем шынайы,
Сен мені сүймейсің, сеземін.
Кеше гөр, сезімнің Құдайы,
Өртеніп барады өзегім.
Қия алмай өзіңді өзгеге,
Сыя алмай кетем бе жалғанға?
Осылай сүріндік біз неге?
Қол созым қалғанда арманға.
Тәңірдің жазуы шығар – бұл,
Амал жоқ қылатын қарсы оған.
Жүрегім еңіреп жылап жүр,
Әлі де ғашық қой ол саған.
Кеудеме кел дағы тұрақта,
Ханшасы жүректің ары нұр.
Өтінем, Сен маған кінә артпа,
Мен Сені сүйемін бәрібір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу