file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  148


Автор: Жасұлан СЕРІК

Нұрға

Сұлудың болса әлегі,
Жан едім бірақ көнетін.
Көргенде қызды әдемі,
Шабыт келетін әдетім.
Өлең жазсам да зерделі,
Өмірдің бітпес сұрағы.
Жазғыра көрме сен мені,
Кеуде тұсым ғой кінәлі.
Жаңылсын атап әкеңіз,
Ұл болар деген бір ойда.
Алғысым шексіз, не етеміз,
Жаңылмай қалған Құдайға.
Періште болып көрінген,
Жұмаққа жаны некелі.
Шиедей қызыл еріннен,
Дәм татқым келіп кетеді.
Ойым бар еді бекінген,
Сені көргенде бағана.
Алмадай қызыл бетіңнен,
Бір сүйсем, айтшы, бола ма?
Жалғызды қалап жүрегі,
Жан емес әркез ар ойлар.
Сендей сұлудың Ұлы елі –
Бақытты екен Адайлар.
Жүре бер сезім емі боп,
Табылмас сендей жер-көктен.
Ауылыңа барсам Сері боп,
Қарсы аласың ба құрметпен?
Өлеңмен сені ойға алдым,
Тек тәтті болсын тағдырың.
Ақ маңдайыңнан айналдым,
Ақтаудың қызы-ай ақ Нұрым!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу