Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
107
Қарадың да тастадың кеудеме ұшқын...
Қарадың да тастадың кеудеме ұшқын,
Өмірдің ғажап сәтін мен де кештім.
Жаны мен тәні нұрдан жаратылған,
Періштесің, періште пенде емессің!
Жымидың да жаныма тараттың нұр,
Көз алмадым күлкіңе қарап тұрдым.
Қиялымда сүйдім де маңдайыңнан,
Ерініңнің шырынын шарап қылдым!
Ұнаттым да жасырдым сырымды әрең,
Сол сырымды көзімнен ұғынбап ең.
Жанарыңның жарқылы жанымды өртеп,
Мұз болған тәнім еріп жылынған ем.
Ұмыттым да мұңым мен бар қайғымды,
Сезімім өмірімді балдай қылды.
Жамау-жамау жыртылған жүрегіме,
Енді сен кеп жамайсың қандай мұңды?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter