file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  138


Автор: Жасұлан СЕРІК

Бүгінгі түн

Бүгінгі түн.
Қырсық шалды-ау ай жарық,
Бірімізге біріміз,
Қарап қалдық бір сиқырға байланып.
Құшағымда сен тұрсың,
Маған қарап жәудірейсің ойланып.
Бүгінгі түн.
Көше бойы тыныштық,
Бірімізді біріміз,
Көзімізбен ептеп қана ұғыстық.
Қаймақ ерін дір-дір етед жасқанып,
Шыққан демің тым ыстық.
Бүгінгі түн.
Өзге түннен тәттірек,
Бірімізді біріміз,
Жоғалтардай құшақтадық қаттырек.
Саусақтарым шаштарыңды тарауда,
Жанарымды шарпып жатыр отты леп.
Бүгінгі түн.
Екеумізде мас қалып,
Бірімізді біріміз,
Енді ғана ұғыныса бастадық.
Омырауыңды, тамағыңды иіскеп,
Ал мен тұрмын мастанып.
Бүгінгі түн.
Қайғы-мұңым ортаймақ,
Бірімізге біріміз,
Тілімізбен беріп тұрмыз бал қаймақ.
Төбедегі жарты ай,
Сені менен қызғанады айқайлап.
Бүгінгі түн.
Ең дәмдісі көп түннің,
Саған қарап,
Сені аймалап көп тұрдым.
...Көрші үйдің жаңа піскен алмасын,
Мен ақыры жеп тындым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу