file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  192


Автор: Жасұлан СЕРІК

Наз

Жаспыз ғой жүрегінде жалыны бар,
Өмірдің өлшеп бермес тәлімін ал.
Ақын жанның, құрбыжан, біле білсең,
Сұлулық атаулыға жаны құмар.
Түнереді бұл өмір жүзі бұлттай,
Мына менің жанымның сырын ұққай.
Үр қызындай үстемдік еттің, еркем,
Жүрегімнің ішінде жұдырықтай.
Жаның асыл, қарасам, арың асыл,
Сөз айтқам ғой өлеңге жарығасын.
Өтінерім тек сенен бір-ақ нәрсе,
Дұрыс ұққын сөзімнің мағынасын.
Жастық шақ өтер, кетер күндер ерек,
Жүректі әлди әнге кім бөлемек?
Қазақтың мәрт жігіті бағың болып,
Бақыттан басың айналсын шыр көбелек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу