file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  126


Автор: Жасұлан СЕРІК

Тыныс белгісі

Теперіш көп көрмесем де тағдырдан,
Күнәсі жоқ қиялым бар қаңғырған.
Өмір жолым бастағанда бақытқа,
Сұрау белгі шыға келеді алдымнан.
Қорқып мұз боп қалтырайды ми денем,
Сұрақтарға сыр айтпауды үйренем.
Қуаныштың лебі есетін бойынан,
Леп белгісін сағынамын кейде мен.
Алға қарай жүзер болса нық кемем,
Болашақтан бір бақытты күткен ем.
Жазуға емес Өмір деген кітапқа,
Мен қорқамын қойылатын нүктеден.
Жетектесе желік көпке жетемін,
Татып көрем балы менен шекерін.
Үлбіреген үмітімді мұңайтып,
Үтірлерге үрке қарап не етемін?..
...Күйім осы, түсін, мейлі түсінбе,
Кей сәттерде адасамын түсімде.
Тырнақшаға тағдырымды табыстап,
Қалып қоям жақшалардың ішінде.
Бір күні..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу