file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  128


Автор: Жасұлан СЕРІК

Қу молаға айналған...

Қу молаға айналған,
Бабалардың барлығы.
Қу далаға айналған,
Қалалардың барлығы.
Қу молаға айналса,
Ол Құдайдың жарлығы.
Қу далаға айналса,
Басқа жазған тағдыры.
Сол моланы сүйемін,
Үнсіз, мұңлы ғазалды.
Сол даланы сүйемін,
Күңіренген мазарлы.
Сол молада жатқандар,
Жене алмаған ажалды.
Жалпағынан басса да,
Дала жұтқан базарды...
Дүние – жалған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу