file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  140


Автор: Жасұлан СЕРІК

Жанарымды тұмшаласа тұнық мұң...

Жанарымды тұмшаласа тұнық мұң,
Маралымды таба да алмай қалам ба?
Күйін кешіп сорлап қалған жігіттің,
Күйініштің сары алқасын тағам да.
Бас ұрғанда тәуелді боп уақытқа,
Жасырған ба сағынышын жүрегім?
Жете де алмай қиялдаған бақытқа,
Кете де алмай қазығымнан жүрермін.
Бұл өмірде мәңгі тұрман, тегінде,
Құлагердей қапы кетіп құлармын.
Ортақтасып өкінішке, өлімге,
Екі көзін қөлдей қылып жылар кім.
Баса да алмай аяғымды қалмайын,
Аша да алмай тылсым дүние қақпасын.
Жібер мені зеңгір көкке самғайын,
Шідерлеулі жырым ғана жоқтасын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу