file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  203


Автор: Жасұлан СЕРІК

Аға

(Рымғали Нұрғали рухына)
Күңіреніп күй тартты Ұлы Дала,
Сарыарқа сол күйіңді ұғына ма?
Дәрісіңді есіту бұйырмапты,
Сол үшін өкінемін бүгін, аға...
Сары белдер Сардарын сағына ма?
Алла алдында ақ еді арың, аға.
Жылатып кеткеніңде жалпақ жұртты,
Шалқысыншы жәннәтта жаның, аға...
Шертілмеген бар шығар сырың, аға,
Айтылмаған кетті ме мұңың, аға?
«Абыройың ассын!», – деп дұға еттім,
Мүміндердің ішінде құбылада...
Тал бесігің тоқтады-ау бесін ауа,
Дәл мендей бір ініңді кешір, аға.
Айшық қойдым өлеңмен мазарыңа,
Қолымнан келетіні осы ғана...
Бағаң сенің болмайды жырым, аға,
Алтыннан артық еді құның, аға.
Жүректерде жасайсың!
Күллі Алаштың
Ардақтаған ардағы – Рым аға!
Рым аға..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу