Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  120


Автор: Жасұлан СЕРІК

Ей, өмірім!

Ей, өмірім!
Қажытқан жанымды арман-мұңыңнан,
Жалт етіп сөнер жалғандығыңнан,
Әр бір күніңнен зардан құрылған,
Жалықтым!
Қиялдап бекер көз ілгенімнен,
Мұқалып біткен төзімдеріңнен,
Ғұмырсыз бұлдыр сезімдеріңнен,
Жалықтым!
Мейірімсіз, қатал адамдарыңнан,
Сүрінте берер қадамдарыңнан,
Сайтани сайқал амалдарыңнан,
Жалықтым!
Нәпсілік күйге құмартқаныңнан,
Жанымды үнсіз жылатқаныңнан,
Жауапсыз, сансыз сұрақтарыңнан,
Жалықтым!
Күнәсіз кезімді сағынтқаныңнан,
Тәкаппар мұңға бағынтқаныңнан,
Құлқынға жанды табынтқаныңнан,
Жалықтым!
Ей, өмірім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу