Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
179
Атам емес, күллі Алаштың ұлы едім...
Атам емес, күллі Алаштың ұлы едім,
Жоғын жоқтап ал барына қуанған.
Мәңгі «Қазақ», – деп соғады жүрегім,
Сол жүректе сансыз сұрақ, мың арман.
Сансыз сұрақ жетелейді биікке,
Ал мың арман апармай ма бақытқа?
Қасыңдамын мен әркезде сүйікті ел,
Сен күйінген, сен қуанған уақытта.
Мені сенен айырады тек өлім,
Сені мәңгі сүйіп өтем жүрекпен.
Мен сен үшін барлығына көнемін.
Алып шығам жігеріммен түнектен.
Туған елім жаса мәңгі, сен өлме,
Құрбандығың қажет десең мен едім.
Сенен асқан Ұлы ел жоқ әлемде,
Мен осыған сенемін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter