file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  123


Автор: Жасұлан СЕРІК

сыр

Қарағым...
Мен мұңлы пендемін,
Ерте ашқан өмірдің парағын.
Бұл жаққа келгелі,
Мейірімге қаталап шөлдедім.
Шайтан ит азғырып,
Көп іштім сезімнің шарабын.
Жанымды ұға алар ме екенсің,
Сен менің!
Таусылды амалым...
Бұл қала...
Қатыгез жандардың мекені,
Ащысы молырақ, өте аз шекері.
Нұр қала, бұл қала – жын қала.
Дәл біздей сорлылар бұл жақта бізсіз де жетеді.
Тұлпары есекпен дос болып,
Сұңқармен жұптасқан көкегі.
Іздеуден жалықтым,
Елім деп еміренер көкені.
Кейде мен тасбауыр қаладан,
Безгім кеп кетеді...
Сезінем...
Әзірейіл алардай жанымды бүгін кеп.
Мен кейде бордайын езілем.
Ешкімге жалынғым келмейді,
Жанымды ұғын деп.
Ажалдан емес-ау,
Мейірімсіз қаладан қорқамын дірілдеп.
Бәрінен безінем.
Тек қана Аллаға мінәжат,
Айтудан жалықпан күбірлеп...
Не етеміз...
Айтсаңшы, қанекей, шынымен?
Мен кейде тіршілік түбіне үңілем.
Ойлаймыз, соңына жетеміз.
Осындай қиялдан кей сәтте түңілем.
Дейтін ед үлкендер: «Мәңгілік тұрмаймыз,
бәріміз кетеміз...
Тек қана ақындар жасайды жырымен...»
Ендеше кететін шығармын,
Сол жаққа түбі мен....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу