file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  169


Автор: Жасұлан СЕРІК

Жетісу, сенің тауыңды сүйем мұнартқан...

Жетісу, сенің тауыңды сүйем мұнартқан,
Қолын бұлғайтын «Сен мені көр!», – деп жырақтан.
Жат көрме мені, мен Сырдан дағы тусам да,
Ұлың боп өтем көркіңе мәңгі құмартқан.
Жетісу, сенің бұлағыңды сүйем мөп-мөлдір,
Бір ерке тәтті кенжетайындай көктемнің,
Сәні де бұлақ, әні де бұлақ секілді-ау,
Жап-жасыл мына шапанын киген көктемнің.
Жетісу, сенің көгіңді сүйем көкпеңбек,
Ақша бұлт салған қаламыменен текті өрнек.
Көзін арбаған сұлулығымен адамның,
Дәл мына сені, айтшы, кім сүймей жек көрмек.
Жетісу, сенің тал-құрағыңды сүйем мен,
Сәл сыбдырынан жүрегіме менің күй енген.
Ақ қайың, сірә, құшағына жылы тартады-ау,
Ару қыздарды, сұлу қыздарды сүйенген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу