file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  122


Автор: Жасұлан СЕРІК

Білмеймін бір кәдеге жарадым ба?

Білмеймін бір кәдеге жарадым ба?
Қиыс қанша қадам бастым санадым ба?
Он үштен ассам дағы ісім шала,
Ес кіргенше, Жаратқан, мына басты,
Дұшпан мен жамандарға таба қылма!
Жалт етіп сәуле жанды-ау жанарымда,
Мүмкін бір қуаныш бар қабағымда.
Тәуекел, өмір алда тік тұрармын,
Тік тұрғанша, Жаратқан, мына басты,
Дұшпан мен жамандарға таба қылма!
Мүмкін мен өшіп, қайта жанамын да,
Бір жерде керексіз боп қаламын да.
Қалсамда керек етіп біреу алар,
Алған кісім құным білсін, Жаратқаным,
Дұшпан мен жамандарға таба қылма!
Берерімде жоқ менің аларым да,
Болғанымда, дәл осы боларым да.
Өзіммен өзім жүрген пенде едім,
Ендеше сол пендеңді, Жаратқаным,
Дұшпан мен жамандарға таба қылма!
Мен – мұзбалақ бір жарға қонамында,
Ал кеудем көмілмесін нала-мұңға,
Жаратқан, өтінерім мына сенен
Дұшпан мен жамандарға таба қылма.
Біреулерге ойы артық баламын да,
Мүмкін елім сенеді жаман ұлға.
Жаман ұл үмітіңді ақтар ертең,
Үміт ақтар бір ұлды, Жаратқаным,
Дұшпан мен жамандарға таба қылма!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу