file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  330


Автор: Ғали Орманов

ҚОС ОРДЕН

Алматы облысына арнаймын
Тербейді, жұртым, тағы да
Туыңа таққан ұлы орден.
Қуанған мынау шағыңда
Қуатын сезбес кім оның!
Ырзамын өзім ерекше
Еңбегі мерей ел саған.
Ежелден тек сол емес пе
Жеріңді жаннат жасаған?
Атағың, даңқың ел сенің
Тұр ма екен тауда, түзде əлде?
Қандырып суға етегін,
Тоғытты ма екен құз əлде?
Құнары күшті өзенін
Ағытты ма екен мұзарттар?
Талдырмай жердің өзегін
Тасыды ма екен бұлақтар?
Солардың кілті, ерлерім,
Сендерде, бəлкім, тұр ма екен?
Төгілген күнде терлерің
Тоғытқан жерді нұр ма екен?
Қолыңда кілті жеңістің
Тұр екен, достар, қайсыңның?
Тілдесер олай жоқ ешкім,
Артық сөз ондай айтсын кім?
Осынау ұлы құрметке
Қоспаған кім бар үлесін?
Соншалық жылы жүрекке
«Бəріміз!..» деген бір есім.
Сондықтан сөзімді ағытып,
Жырлайын жұртым бəріңді.
Тауыңды түгел жаңғыртып
Шырқайын сүйген əніңді!
Сендердің сірə біріңдей
Сабыңда мен де өсермін.
Кеудеңде ай мен күнімдей
Жарқырай берсін қос орден!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу