Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  412


Автор: Ғали Орманов

ƏКЕ САБАҒЫ

Көтерттің балам қолыма
Өзіңді «күнім» дегізіп.
Əлдилеп анаң жоғында,
Жұбаттым беріп емізік.
Жүзімді танып күлгенің
Көрінді маған ең қызық.
Кергісең, əсте білмедім
Кеюді саған өң бұзып.
Талпынсаң, талай қуандым,
Қолыма құсша шақырып;
Қаз тұрсаң қандай құп алдым,
«Тəй-тəйлап» аяқ бастырып.
Барымды бере балға орап,
Баулыдым дей-дей ес білсін.
Балапан құстай балбырап,
Баурымда сөйтіп өстің сен.
Есейген енді кезіңде
Ескертсем сол бір сабақты.
Есіңде тұтып сөзімді,
Шыттырма сен де қабақты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу