file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  205


Автор: Ғали Орманов

КҮН ҚАСЫНДА

Жерімізден бір жұлдыз
Тартты шырқап Ай жаққа;
Қақтық қанат біз тұңғыш
Шетсіз, шырқау аймаққа.
Жер, əлемге жар салған
Жаңа заман басы бұл.
Жан өрісін нұр шалған
Басталды бір жақсы жыл.
Жұлдызымыз ұшырған –
Секілді сол жыл құсы;
Заманаға ұсынған
Жаңа ойлардың тұңғышы.
Туымызды көтерді ол
Шалқыта Күн қасына.
Аңыз болып жетер ол
Алдағы көп ғасырға...
Көк жүзінде бозарған
Көзге қанық алыс Ай,
Қалды бері ол жазған
Қашанғы үйір таныстай.
Көп жұлдыздың біріндей
Кетті шырқап біздің құс.
Көк төрінде күлімдей
Маздар мəңгі ол Жұлдыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу