Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
239
КЕШ
Манаурайды кешкі бұлт
Ұзақ жолда талғандай;
Тау тым тырыс, жел жым-жырт,
Дүние дамыл алғандай.
Ауыл маңы тып-тыныш,
Баяу өрген мал-дағы;
Анда-санда жыршы құс
Əндетеді талдағы.
Дөңге шыққан қойшы тек,
Төңіректі шолғалы;
Көз алдында тұр сурет
Таңғажайып сондағы.
Орапты бір нұр шапақ
Күн асарда жиектен,
Қызыл арай, зер шашақ
Ту сықылды шың біткен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter