file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  133


Автор: Ғали Орманов

ТАНЫС БЕЙНЕЛЕР

Қарайсың тауға, Микола,
Құздары көкте ұйықтаған.
Таңырқар едім біржола,
Таппасаң таныс тіпті одан...
Əдемі көлге жағадан
Үңілсең ақын сезіммен,
Алыстан саған қараған
Айни ма жарың көзінен?
Тұрпаты ірі көрінген
Тұрысын қара құзымның:
Сақалы, шашы төгілген
Секілді сенің мұжығың.
Балауса, қайың аралас
Байыптай шолсаң шың жақты,
Кестелі көйлек, алтын шаш
Қыздарың жүрген сияқты.
Қияға, достым, қарап бақ,
Көңілге түйіп соны əр күн.
Қалыңда əсем қарақат
Көздері болар солардың..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу