file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  110


Автор: Ғали Орманов

ГҮЛСТАН ЖЕРІНДЕ

Бетпақта тобарсыған құмды, шаңды
Көрдім мен балғын, майса Гүлстанды,
Мақтаға малынып тұр бар өңірі,
Маздата көтергендей күллі шамды.
Жатқан жер не заманғы күйі келмей,
Жайнапты жүзіне нұр жүгіргендей.
Сіміріп Сырды тоя, сыланыпты,
Топырағы түгел балқып иігендей.
Шалмайды тынысы оны жел-дауылдың
Аңқып тұр ауада иісі бал қауынның.
Баулары жеміс толы, гүлдері əсем
Құбылған сапарындай қырғауылдың.
Жайы сол жаңа қонған алыс елдің,
Көтерген ел ынтасын табысы ердің.
Солардың бар тұлғасын танытқандай
Тұрпаты қарт Ташыбай, Ғанишердің.
Қарадым мықты, шомбал қолдарына,
Сан тарау үңілгендей жолдарына.
Жылдары еңбек толы ұқсайды екен
Айбек пен Сəбит, Шараф томдарына.
Гүлстан гүлге оранған атына орай.
Сəулетті көрдім шипан, алуан сарай.
Балауса бауға жүзген өлкесіне,
Аттандым жаным байып, қарай-қарай.
Киінген қыз секілді түзін көрдім.
Көзі деп қостым жырға үзімдерін.
Қыдырған қыдырлы өңір бауларында
Бақытты коммунизм жүзін көрдім!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу