file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  145


Автор: Ғали Орманов

ЗАРАФШАН

Алдымда жатыр Зарафшан
Ағысы баяу жай қаптап;
Тұныса суы бейне аспан,
Тасыса қою кейде əппақ.
Жырлапты талмай оны жұрт,
Арнасын балап алтынға;
Жағасы ырыс, суы құт –
Атанған солай халқына.
Жарыса жосып ол барған
Жайқалады екен атырап;
Жасыра жерді көк орман,
Жамырайды екен жапырақ.
Аңсаған шөлдер қанғандай
Аунаса нелер алқапқа,
Ағысы төге салғандай
Тіреледі екен ақ мақта.
Толқыны судың өзіндей
Тербеледі екен егістер;
Бауларда сұлу көзіндей
Мөлдірейді екен жемістер.
Алтынның түрі осылай
Құбылады екен неше алуан.
Төгілген бұлақ даусындай
Тербейді сені əсем əн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу