Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
158

Ыстық көл
Бітімін бақсаң Ыстық көл
Секілді бейне бір алып.
Сықырлай аунап төсекте ол,
Қояды кейде ырғалып.
Тынысын тыңдай телміріп
Қарайды тынбай тау да оған,
Түбінде жатқан көрініп
Суретін көрдім аумаған.
Кеудесі көлдің қозғалса,
Қалтырап жатыр бар ірге.
Тербеткен соны анаша,
Теңселген түгел тау бірге.
Алқына бермей, тым-тырыс
Ақыры айдын ұйықтайды.
Анадан асар бар ма күш,
Баурынан таудың шықпайды.
Шуаққа балқып күн ұзын,
Ішіне жылы нұр сақтап,
Аспанның ай мен жұлдызын
Қалғиды түнде құшақтап...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter