file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  134


Автор: Ғали Орманов

ЖƏНЕ БИІК, ЖƏНЕ ƏСЕМ

Тарта бермей сусылдап,
Тоқта, Тоқташ, ағаңа.
Көз бен көңілім сусындап
Қарайын бір қалаңа.
Өзім көрген астанаң
Өз орнында десе де,
Секілдімін басқа адам,
Жаңа кірген көшеңе.
Өрілгендей өлеңнен
Суреттерге əуес ем,
Сəулетті үйлер көрем мен
Жəне биік, жəне əсем.
Таныс қала талайғы
Тамылжып тұр жасарып,
Сан құбыла қарайды,
Жан-жағымда жасанып.
Жаралысы ақ-жарқын,
Сəуле ойнайды жүзінде.
Жанарындай бау-бақтың
Мөлдірейді жүзім де.
Жылдар қосып сəн, сымбат
Құяды екен күш оған.
Сол бітімі тым қымбат,
Халқымызға ұқсаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу