file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  172


Автор: Ғали Орманов

КЕРЕКУ КӨРКІ

Келемін кезіп, Кереку,
Көрікті жаңа көшеңді.
Ерекше елің кенелтіп,
Көтерген сонша еңсеңді.
Таласа түзеп бойларын
Тамаша үйлер көп өскен.
Қарасам қанша тоймадым
Қалпына иық теңескен.
Кешегі жым-жырт өңірге
Кереге жайған үй қандай!
Қыруар көзбен өмірге
Қызыға қарап тұрғандай.
Қыдырып қайда барсам да
Көрдім бір өңкей əсемдік.
Байқаймын, солар қашан да
Жаныма сонша əсерлі!
Бүгінгі бұла кезіңе
Ұласып жатыр ертеңгі.
Тұрпаты таңсық өзіме
Секілді сен бір ертегі.
Аспандап нелер мұнара
Басына кейде бұлт орап,
Қасыңда сенің бірге олар
Алысқа тынбай тұр қарап.
Көзіме ыстық көркіңді
Көңілге түйіп кетейін.
Жайыңды сенің не түрлі
Жалықпай жұртқа шертейін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу