file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  146


Автор: Ғали Орманов

ЗАМАНА ТҰЛПАРЫ

Түтіні тудай бұлаңдап
Келеді поезд алыстан.
Жабыла дала ұрандап
Секілді бірге жарысқан.
Жаңғырып жатыр тау мен тас
Дүбірге думан қосқандай.
Сахара түгел ең алғаш
Қуана құшақ ашқандай.
Дабырға, дуға дүрлігіп
Тігеді құлақ күллі аймақ.
Келгенін поезд білдіріп
Қояды кейде айғайлап.
Қарайды халық ентелеп
Ғажайып қара тұлпарға.
Жөнелсе тобын жетелеп
Жолыңда қалар жүк бар ма?!
Қол артқан соған мешеу ел
Кешікпей жетер қатарға.
Жатса да алда неше бел,
Қажытпас жұртты Отарба!..
Өлкені орап жол тартқан
Сонау бір жылдар кезінде,
Поезға тұңғыш бұт артқан
Жас едім менің өзім де.
Қателік сірə жоқ шығар
Сондағы балғын сезімде:
Жеткізер деуші ем сол тұлпар
Елімді коммунизмге!
Халқымыз мінген сол жүйрік
Жолдарын басып сан жылдың,
Келеді алға тез жүріп
Заманның тиеп бар жүгін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу