Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  143


Автор: Ғали Орманов

ҚҰТ МЕКЕНІ

Шегі жоқ, ұлан-қиыр жеріміз кең,
Жүздесу қиын түгел елімізбен.
Ораған оңтүстігін асқар таулар,
Жапсарлас солтүстігі теңіз, мұзбен.
Көк орман, кеудесі түз, қырқа, адырлар,
Төсінде Байкал, Балқаш, Каспий, Арал.
Арнасын алыс тартқан өзендер көп,
Толқындай шөгіп-шөгіп жатыр құмдар.
Көмкерген төңірегін нелер теңіз,
Елдерміз мекендеген мұны ерте біз,
Өрбіген осы өңірде ырғын дəулет,
Ұдайы жерге берген берекеміз.
Болған жоқ басталғалы көп уақыт,
Қалт кетпей, бəріне ақын бол уақып;
Сықаған түкпірлерін түгел ырыс,
Кең Отан болады əлі толы бақыт!
Кімде-кім қуанышты күтсе ертеңгі,
Күмəн жоқ мақсұтына жұрт жетеді,
Қашан да халқымызды жарылқайтын
Жасаймыз жерімізді құт мекені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу