Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
96
ӨЛЕҢ ОРНЫ
Жанымды күйттеп көргем жоқ,
Жалықпай жаздым өлеңді.
Жылынтып ылғи кеудемді от,
Жазы, қыс жаным кенелді.
Жазғам жоқ жəне мен оны
Жақынды жасқап озғалы.
Елесе елім тек оны,
Ерекше мені қозғады.
Жатсын деп атым естіліп
Қызыққан жоқпын мақтауға.
Сөзімнен жұртым етсе үміт
Талпындым соны ақтауға.
Жырымның мақтау алғаны –
Құлағын халқым түрсе тек.
Өмірде ұзақ қалғаны –
Көңлінде соның жүрсе тек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter