file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  112


Автор: Ғали Орманов

ЛЕНИН КӨШЕСІ

Қыдырып Ленин көшесін
Аралап өтсең бұл кезде,
Көтерген биік еңсесін
Көресің үйлер мүлде өзге.
Көңілдегі елес болмаса,
Қалмапты сурет кешегі.
Сəулетті үйлер тамаша
Көркейткен сонша көшені.
Өңкей бір таспен көмкеріп
Өнерпаз жандар өрді оны.
Ауызда жыр боп кетерлік
Өмірдің бұл бір өрнегі!
Шенінде жүріп солардың
Сырына терең түсінсең,
Тынымсыз ісмер қолдардың
Танисың ұлы күшін сен.
Темір мен тасты бірге өріп,
Қиыннан қиып қалаған.
Не қилы мүсін түр беріп
Жасаған бəрін жаңа адам!
Өнерге солар тым жетік
Өзіне жанды қаратқан,
Жоғыңды түгел бар етіп
Секілді қолдан жаратқан.
Адамның бұл бір бақты деп
Қарайсың соған күнде ойлап.
Ғажайып үйлер сап түзеп
Алдыңда, əне, тұр бойлап.
Көсемнің ұлы тойына
Халқымыз тартқан сыйы бұл.
Жарасып көше бойына
Тұрады солар құйып нұр.
Солардан əсем үй алып
Қуанар қанша жүректер!
Биікте сонау ұялап
Талпынар қанша бөбектер!
Сəулетті үйлер өңшең бір
Елестер өнер шыңындай.
Жұртымыз да оны қастерлер
Ильичтің тартқан сыйындай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу