file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  142


Автор: Ғали Орманов

ТЕҢІЗ ТОЛҒАУЫ

Академик Шапық Шокинге
Күлімде, қуан, Алматы,
Қасыңда жатыр көк теңіз.
Көзіңе тосын əр қалпы,
Толқиды алқап теп-тегіс.
Ілені жеңіп иірген
Алдына биік Аққабақ.
Өзенді асау күйінде
Алыпты жұртым ноқталап.
Тəкаппар Іле жуасып
Аунайды баяу сабада.
Қуанған жандар шуласып
Жасайды мейрам жағада.
Сүйікті сонша сол теңіз
Қолынан халқың орнатқан.
Жасауға соны жеткен күш
Секілді саған зор мақтан!
Əжімді асқар Алатау
Теңізге, кəне, сен де үңіл,
Қасында тұрып аман-сау,
Жүзіңді содан көр мың жыл!
Өзіне жұртты қаратқан
Барайын соған күн сайын.
Жерімді қайта жаратқан
Жандарды жырға қосайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу