file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  145


Автор: Ғали Орманов

ҚАПШАҒАЙ КІЛТІ

Бітімі бұж-бұж темірдей
Қоңырқай, қызғылт шоқылар,
Тұрыпты көзге көрінбей,
Қалқалап ұзақ ғасырлар.
Қарулы соған қол келіп,
Қауырт бір жұмыс бастапты.
Талайын таудың төңкеріп,
Талайын жонып тастапты.
Қызыға қарап тұрдым мен
Құзарды бұзған жандарға.
Жайларын түйдім үнінен
Жаңғырған тынбай аңғарда.
Адамдар, қолын күс басқан,
Қашапты құзды не түрлі.
Мызғымас, бекем тұтасқан
Өздері жартас секілді.
Тыңдайды соны Қапшағай
Кеудесі күнде дүбірлеп.
Қалтарыс түгін тастамай
Маған да шерткен сыры көп.
Көңлімді сонша аударды
Тосын бір жастар тілдескен.
Қопара жүріп тауларды
Секілді солар күнде өскен.
Биікте бетон құйысқан
Өмірбек, Алдан, Болаттар.
Өлеңдер тұңғыш қиысқан
Сүйкімді қандай сол аттар!
Соларды қатты құрметтеп
Сөзіме арқау еттім мен.
Жырымда жиған тірнектеп
Жаныма балап шерттім мен.
Көңілге түйіп көп сырлар,
Қарадым жастар қалпына.
Қапшағай кілтін осылар
Тапсырар мəңгі халқыма!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу