Өлеңдер ✍️
ЖОЛ СЫРЫ
Бөктерлей тартқан бұ жолмен
Жасымнан бері сан жүрдім.
Кей жері өшіп үлгерген
Іздері жатыр сан жылдың.
Көңліне қанық жер еді
Бəрі де кəрі Жамбылдың.
– Осында, – жырау дер еді,
Жылымның көбін қалдырдым.
Алысқа беттеп сол жолмен
Соңынан талай мен де өткем.
Суретін сонда мен көрген
Соғұрлы қалай өзгерткен?
Қисығын қырқып көп жердің
Тартыпты желі төтелеп.
Тарпы жоқ талай белдердің,
Қосқаны жəне өте көп:
Жарыса жалғап көшелер
Орнапты қыстақ, қанша ауыл.
Бөгде бір жандар келсе егер,
Көрінер таңсық сонша бұл.
Жалаңаш жолды жағалай
Егілген жал-жал қанша ағаш.
Өсіре білсең аянбай,
Табиғат та əсте шаршамас.
Шыққандай жолда жарысқа
Машина қайшы алысқан.
Біреуі тартса алысқа,
Келеді бірі алыстан.
Арқаңды төсеп, ұзын жол,
Ілгері бізді тарта бер.
Жоныңа түскен ізім мол,
Жоғалтпай соны, айта көр.
Асыққан ылғи жасымнан
Алысқа мені бастай бер.
Көкжиек көзден жасырған
Сырыңды, кəне, ашпай көр!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter