Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
177
ТОМАР АУЫЛЫ
Бұралып əппақ қайыңдар
Сыбдырап желге, тұр билеп.
Қызыққан соған жайым бар,
Көңілді ойлар əлдилеп.
Қасында Томар ауылы
Кенеліп жырға өскендей.
Ғажайып өлең дауылы
Қаласа, күнде ескендей.
Əдемі қыздар гүлге ұқсас
Тербелді бірге əн салып.
Сырларын, сірə, кім ұқпас
Шырқаған сені қарсы алып.
Қазақтың əсем əндерін
Жаңғыртты күллі тоғайға...
Қайрылмас ондай əнге кім,
Құлағы шалса маңайда?
Тəрізі, туған өз елін
Сырт тартып ешкім ұмытпас.
Қуатын соның сеземін
Көңілді əсте суытпас!
Осылай Томар ауылы
Сілтейді сені көп ойға.
Шалқиды əндер дауылы
Жаңғырып қалың тоғайға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter