file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  497


Автор: Ғали Орманов

ӨШПЕС ЕСІМ

Топырақ қымтап томпайып
Тым-тырыс Тайыр қалған жоқ.
Жалыны титтей ортайып,
Жігерін ақау шалған жоқ.
Қуатты үні саңқылдап
Шалқиды өлең көгінде.
Сүйсіне сөзін сан тыңдап,
Тұтамыз медеу көңілге.
Бүгінгі буын біз түгіл,
Болашақ сүйер оны əлі.
Өлеңі толы күшті нұр
Самғатар оны жоғары.
Дамылсыз даусы жаңғырып
Жылдарға ұзақ ұласар.
Жырларын тартып мəңгілік,
Өренмен Тайыр сырласар.
Көрмеген бізді, білмеген
Жалғасар үзбей жас ұрпақ...
Тайырға сол бір күнде де
Қарамас ешкім жатырқап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу