file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  491


Автор: Ғали Орманов

ЛЕНИН НҰРЫ КЕУДЕДЕ

Халқымның көңілін аударды
Қалпына бүгін Жетісу.
Самсаған биік таулары
Секілді тойға тіккен ту.
Тұрысы өлең тұп-тұтас,
Толғантпас терең ол кімді!
Шұғыласын төккен күнге ұқсас
Төсіне таққан ордені.
Келбетін түгел көрем мен,
Кернеген дəулет ой-қыры
Толқынша қаптап қой өрген,
Тоғытып түзін егіні.
Шыңдары шырқау көрінген
Көрікті таулар саласы!
Сарқырап сулар төгілген
Секілді байлық сабасы.
Данышпан Ленин тапсырған
Еліме сеніп өзі оны.
Арнасы толып тасыған
Ақсын деп дəулет өзені!
Сыбаға тартып жылдардан,
Жайқалтты түгел ел оны.
Күресте, істе шыңдалған
Жетілді бірге ерені!
Ақтарып алуан асылды
Олжалар салдық Отанға.
Ақ жалын асау тасқынды
Ауната тарттық жапанға.
Қашан да əділ, қырағы
Партия көзі көрді оны!
Жарқырап бүгін тұр əне
Туымызда Ленин ордені.
Жандарын шалып шұғыласы
Шалқымас сірə кім бұған!
Елімнің батыр тұлғасы
Көрініп маған тұр бұдан.
Осыдан жəне көрем мен
Бəріңді, достар, сендердің.
Қолынан дəулет көп өнген
Танимын жүзін ерлердің!
Ерлікте тізгін əрдайым,
Тоқтатар бізді қай белең?
Жұртымыз түгел тұр дайын
Келуге күнде бəйгеден.
Түйілдік десем соған біз,
Терісі болмас сөзімнің!
Самсыта сəндеп соғамыз
Сарайын Коммунизмнің.
Төсінде теңіз көлбеген
Түрленер тағы бұл дала.
Сəулетін ешкім көрмеген
Салынар талай ну қала!
Үдеткен елдің еңбегін,
Партиям, саған мың алғыс.
Төккендей нұрын жерге күн
Мейірімің бізге құяр күш!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу