Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
150

Əуелі оны көрдім мен
Əуелі оны көрдім мен
Азырақ алыс шағында.
Құбылып алуан көрінген
Дедім бұл, бəлкім сағым ба?
Алдымда қазір тұр міне
Əдемі сұлу тіл қатпай.
Тануың қиын тым мұны
Толқыған дəйім сынаптай.
Əйтеуір сыры қараңғы,
Айта алмас ешкім дəл сілтеп...
Танимын десең адамды
Көңліңнің көзі көрсін тек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter