file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  109


Автор: Ғали Орманов

ЖАҢА ӨРІСТЕР

Қайранмын қашан болсын өзіме өзім,
Көрмейді өз басымды неге көзім?
Сыр бермей, сыртымды ірі көрсеткенде,
Бар ма екен күнде өзгелер елер сөзім?
Қызығам тауып айтқан кейде жасқа,
«Білмейді дейтін сөзді менен басқа»
Суырып солар дереу жазған кезде,
Болмайды тереңірек ойланбасқа:
Алалап таңдамайды ешкімді өнер,
Ол жағын түсінгеннің іші білер.
Ойымен қапелімде шығады озып,
Өзіңнен əлдеқайда «кішкенелер».
Сондықтан көп сыйлаймын бұларды мен,
Демеймін қағып бірақ жығар мүлдем.
Тосын бір тұнық ағын табылғандай,
Соларға үңілуге құмармын мен.
Демеймін оны бірақ кемшілігім,
Дей алмас сенсем ешкім ерсі мұның.
Солардың шүйгініне жүздірейін,
Қасыма, көңлің соқса, ерші бүгін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу